Сирияда «ДАИШ»-тың қарамағындағы соңғы елді мекеннен шетелдік жиһадшылардың отбасылары қашып жатыр. Дейр-әз-Зор қалалық кеңесінің мүшесі Мұхаммед Ракканың айтуынша, қоршауға түскен анклавтан 300-400 шетелдік кеткен. Солардың ішінде қазақстандықтар, ресейліктер, әзірбайжандықтар, украиналықтар, германиялықтар, швейцариялықтар, ирактықтар бар. Олар Хол және Хасака босқындар лагеріне жіберіледі.
Күрд жасақтары «ДАИШ»-тың ақырғы бекінісін алу операциясын сенбі күні бастады. Оларға АҚШ әуе күштері көмектесіп жатыр.
Дегенмен, радикалдық топ ақырғы территориясынан айырылып жатса да, 500-600 содырымен күрд отрядтарына қарсылық көрсетуді тоқтатпай отыр. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, «ДАИШ» жағында тәжірибелі шетелдіктер аз емес.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.