Ресей Үкіметінің бірқатар Батыс елдерінен келетін азық-түлік саудасына санкция салғаны белгілі.
Яғни, қазір бұрынғыға қарағанда Ресейдің нарығына шығу анағұрлым жеңілдеді деген сөз.
Енді бұл мүмкіндікті қазақ кәсіпкерлері тиімді пайдалануы тиіс.
Себебі, Қазақстан өзге елдерге қарағанда Ресейге жақын орналасқан әрі Кедендік одақ құрылғалы бері кедергілер жойылды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ