Мадридте Каталония лидерлерін соттауға қарсы шеру өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадридте Каталония лидерлерін соттауға қарсы шеру өтуде

12.02.2019

Мадридте каталониялық 12 сепаратист лидерді соттауға қарсы шеру өтіп жатыр. Оған Каталония президенті Квим Торра да қатысты. Айта кетсек, бүгін Испанияда Каталонияның тәуелсіздігін талап еткен адамдарға қарсы сот процесі басталды. Оларға көтеріліс ұйымдастырды, аймақты бөліп алмақ болды, мемлекет қаржысын орынсыз пайдаланды деген айыптар тағылып отыр.

Шеруге шыққан адамдар қолдарына «Саяси тұтқындар босатылсын» деген ұрандар ұстаған. Сонымен қатар, корольдік тұтастығын жақтаушылар да демонстрация ұйымдастырып, «Каталония - Испания» деп ұрандатып, сепаратизмді айыптады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу