Сирияда «ДАИШ» тобының соңғы позицияларына қарсы операцияға АҚШ бастаған коалициялық күштер де қосылды. Олардың ұшақтары радикалдық ұйымның бекіністеріне соққы берді. Бұл соғыс Сирияның Дейр-әз-Зор провинциясының Иракпен шекарлас ауданында жүріп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, ауылдардан дүйсенбі күні 1500-дай бейбіт тұрғын қашты. «ДАИШ» соңғы территориясын қорғау үшін күрд отрядтарына қарсы жүздеген тәжірибелі жиһадшыны қойып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.