Стамбұлда қираған ғимарат астында қалған бала 45 сағаттан соң тірі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлда қираған ғимарат астында қалған бала 45 сағаттан соң тірі табылды

08.02.2019

Стамбұлда құлаған ғимарат астында 45 сағат жатқан жасөспірім тірі табылды. Мұның елдің «Демирөрен» ақпарат агенттігі хабарлады. Құтқарушылар 16 жастағы баланың қайда жатқанын көмек сұраған дауысынан анықтаған.

Сәрсенбі күні Стамбұлда сегіз қабатты үй құлап, 11 адам қаза тауып, 14-і жараланды. Әзірге ғимараттың астында тағы қанша адам жатқаны белгісіз. Бұл апаттан кейін жақын маңдағы 7 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу