Оңтүстік Африкадағы көмір кенішінде газ жарылысынан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Африкадағы көмір кенішінде газ жарылысынан 6 адам қаза тапты

08.02.2019

Оңтүстік Африкадағы көмір кенішінде газ жарылып, 6 адам қаза тапты. Тағы 20-дан астам адам шахтада қалып қойған. Оқиға елдің шығысындағы провинциялардың бірінде болды. Құтқару жұмыстарын жүргізуге кеніштегі улы газдың қауіпті деңгейі кедергі. Оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. Кенішті басқарушы компания өкілдері де бұған қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу