Македония НАТО-ға қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Македония НАТО-ға қосылады

07.02.2019

Грекиямен келісіп, атауын өзгерткен Македония НАТО-ға қосылғалы жатыр. Бұрынғы Югославия Республикасының Солтүстік атлантикалық одаққа мүше болуы туралы хаттамаға Брюссельде қол қойылды. Қосылу процесі бір жылға созылады. Тағы бір славян елінің әскери альянсқа кіруін саяси сарапшылар Ресейдің жеңілісі деп есептейді.

Былтырға дейін Македонияның НАТО-ға өтуіне Грекия қарсы болды. Афины солтүстіктегі көршісінен өз атауын өзгертуді талап етіп келді. Дегенмен, өткен жазда екі мемлекет мәмілеге келіп, оған сай Македония Солтүстік Македония Республикасы деп өзгертілді.

Балқандық комментаторлардың пікірінше, Черногория мен Македонияның НАТО-ға ұмтылудағы басты мақсаттары - Сербия мен басқа да көршілерінің өз жерлеріне көз тігуінен қорғану және ішкі қауіпсіздікті сақтау. Айта кету керек, Оңтүстік-Шығыс Еуропада НАТО-ға кірмеген үш ел ғана қалды. Олар Сербия, Босния-Герцеговина және Косово.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу