Австралия полициясы су тасқыны кезінде жоғалған екі адамның денесін тапқан. Елдің солтүстік-шығысындағы Таунсвиль қаласында жүз жылдан бері болмаған тасқын осындай қайғылы жағдайға әкеліп отыр. Жоғалған екі адамды таныстары соңғы рет дүйсенбі күні көрген екен. Мәйіттер тасқын су тартылған соң ғана табылды.
Оқиғадан кейін Австралияның премьер-министрі Скот Моррисон жергілікті тұрғындармен бірге апат зардабын өз көзімен көруге шықты.
Айта кетсек, соңғы аптада Таунсвиль ауданына рекордтық деңгейде жауын-шашын түсті. Соның нәтижесінде су деңгейі көтеріліп, 1100-ден астам адам эвакуацияланды.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.