Израиль сарбаздары палестиналық жігітті атып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль сарбаздары палестиналық жігітті атып тастады

05.02.2019

Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин қаласында Израиль әскерилерінің атқан оғынан қаза тапқан 19 жастағы жігіт жерленді. Оқиға кезінде марқұмның қасында болған тағы бір жігіт жараланған. Ол ауруханада жатыр. Израиль армиясы өкілдері ол екеуінің бомба жармақ болғанын мәлімдеді. Сол себепті әскерилер оларға қарсы оқ атуға мәжбүр болған. Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыстар АҚШ-тың демеуімен өтіп келген келіссөздер 2014-жылы тоқтағаннан кейін қайта өршіді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу