АҚШ-тың Техас штатында шіркеу қызметкерлері мыңдаған балаға зорлық көрсеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Техас штатында шіркеу қызметкерлері мыңдаған балаға зорлық көрсеткен

01.02.2019

АҚШ-тың Техас штатында Рим-католик шіркеуінің 300-дей қызметкерінің мыңдаған балаға зорлық көрсеткені анықталды. Оларға сол үшін айып тағылған. Мұны бүгін Даллас епископы Эдвард Бернс мәлімдеді. Жеткіншектердің 70 жыл бойы дін қызметкерлерінен сексуалдық жәбір көргенін былтыр тамыз айында Пенсильванияда жарияланған баяндама да растады. Содан бері Құрама Штаттар шіркеулерінде тағы жүздеген адам осындай қылмыс үшін күдікке алынды. Ал, кейбір штаттар бұл іс бойынша тергеу жұмыстарын бастағанын хабарлап отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу