АҚШ-тың басым бөлігінде аяз күшейе түсті. Өткен сенбіден бері елдің орталық-батысында суықтан 12 адам қайтыс болған. Мұндай ауа райына тұрғындар соңғы 20 жылда алғаш рет куә болып отыр. Аяздан Солтүстік Дакота, Висконсин, Айова, Миннесота, Мичиган және Иллинойс штаттары ең көп зардап шеккен. Чикагода температура -33, Солтүстік Дакотада -37 градусқа дейін төмендеді.
Күн райының қолайсыздығына орай жүздеген ұшақ рейсі доғарылған. Сонымен қатар, мектептер мен мемлекеттік мекемелер және мұражайлар жабылып жатыр. Ал, Вашингтонда үйсіз жандарға үсік шалудан қорғану үшін жылы ғимараттарға кіру қажеттігі ескертілді. Алайда, олардың кейбіреуі уақытша панадан бас тартқан. Синоптиктердің болжамынша, Құрама Штаттарда сары аяз апта соңына қарай сәл басылуы мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.