Қазақстандық өнім сұранысқа ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өнім сұранысқа ие

15.11.2014
Қазақстандық өнім сұранысқа ие

Қазақстандық үлес шағын және орта кәсіпкерлік саласында да артып келеді. Мәселен, Шара Жақыпова басқаратын Ақтөбедегі кондитерлік өнімдер шығаратын серіктестік түгелдей дерлік отандық шикізатты қолданады. Ашылғанына бір жарым жыл болған нысанда алғашында 4 маман ғана жұмыс істесе, қазір 20 адам еңбекпен қамтылып отыр.

Серіктестік басшысы мемлекеттік қолдаумен 31 миллион теңге көлемінде үстеме ақысы төмен несие алып, өзіне ыңғайлы ғимаратқа ие болды. Кейін қажетті құрылғыларды қондырған соң кәсібін бастап кетті. Сөйтіп, айналдырған бір жарым жылдың ішінде ісі дөңгеленіп жүре берді. Қазір мұнда тәттінің 60-тан аса түрі дайындалады. Оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдарын да көруге болады. Шығарылған өнімді шет елдерден де арнайы тапсырыспен алдыратындар бар.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу