Бұл туралы Еурокомиссия мәлімдеді. Острув-Мазовецка қаласына жақын маңдағы ет соятын орын негізінен шұғыл санитарлық тексерістерге орай жабық тұрған екен. Дегенмен, әлеуметтік желілерде қасапхана қызметкерлерінің түнде әрең қозғалатын ауру малдарды сойып жатқаны туралы бейнежазба тарап кетті. Польшаның бас ветеринары қасапхананың заңсыз түрде жұмыс істегенін мәлімдеді. Аталған орыннан 9,5 тонна ет тәркіленген. Оның 2,5 тоннасы импортталған екен. Бұзылған сиыр еті Эстония, Франция, Финляндия, Литва, Румыния, Испания, Швеция, Германия мен Словакия тәрізді 11 елге сатылды деген күдік бар.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.