Венесуэлада өзін уақытша президент деп жариялаған оппозиция лидері Хуан Гуайдо өз жақтастарына іс-әрекеттер бағдарламасын жариялады. Құжат экономиканы тұрақтандыруға және кедейшілікпен күреске бағытталған. Саясаткер Еуропамен елдің активтерін қайтару бойынша келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін Еуропарламент Гуайдоны президент міндетін атқарушы деп танитын қарар қабылдаған еді. Хуан Гуайдо өз жанұясына полиция тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын хабарлады. Дегенмен, бұл мәліметті құқық қорғау органдары жалған деп мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.