Бангкокта ауаны тазарту үшін әуеге су шашатын дрондар жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангкокта ауаны тазарту үшін әуеге су шашатын дрондар жіберілді

31.01.2019

Таиланд астанасы Бангкокта ауаның ластану деңгейі тиісті нормадан асып кетіп, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, мұнда жүздеген мектеп уақытша жабылған. Жергілікті әкімшілік ауаны зиянды қалдықтар мен түтіннен тазарту үшін барлық тәсілдерді қолданып жатыр. Ал, бүгін Бангкок аспанына су шашатын дрондар көтерілді. Олардың санын жақында 50-ге жеткізу жоспарланып отыр. Әр дронға 10 литр су тиелген.

Ауасы ласталған қалалар тізімінде Бангкок әлем бойынша бесінші орында тұр. Тай үкіметі бұл проблеманы шешу үшін көшелерге су шашып, жүк машиналарының қозғалысын шектеп, тіпті қолдан жаңбыр да жаудырып көрді. Алайда, одан ауа тазара қоймаған.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу