Ресей Сенатының депутаты екі адам өлтірді деген күдікпен пленарлық мәжіліс кезінде тұтқындалды. 32 жастағы Рауф Арашуков 2016 жылы Федералдық жиналысқа Карачаево-Черкесиядан сайланған екен. Ол сол республика басшысының кеңесшісі мен қоғамдық жастар қозғалысының жетекшісін өлтірді деген мәлімет бар. Дегенмен, күдіктінің өзі тағылған кінәні жоққа шығарып отыр.
Арашуков залдан қашып үлгермеді. Ұсталғаннан кейін ол дереу тергеуге жөнелтілді. Осы оқиғадан кейін көп кешікпей Ресей Тергеу комитеті сенатордың әкесі де қамалғанын хабарлады. Үлкен Арашуков «Газпром» компаниясынан 30 миллиард рубльдің көгілдір отынын ұрлауға қатысты деген күдікпен тұтқындалған.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.