Иран экономикасы құлдырау алдында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран экономикасы құлдырау алдында

30.01.2019

Иран экономикасы соңғы 40 жылдағы ең ауыр жағдайға тап болып отыр. Оған жергілікті үкімет емес, АҚШ кінәлі. Мұны бүгін Ислам Республикасының президенті Хасан Роухани мәлімдеді. «Экономикамыз үлкен қысым мен санкцияны басынан кешіріп жатыр», - дейді Иран басшысы.

Былтыр Трамп әкімшілігі Тегеранмен жасалған ядролық келісімнен шығып, бұл мемлекетке қарсы экономикалық санкцияларды қайта жандандырды. Соның салдарынан Иранның шетелге мұнай экспорттауы қиындап, ұлттық валютасы құнсызданып, қарапайым халқының тұрмысы нашарталып кеткен.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу