Британия парламенті Брексит бойынша келіссөздерді қайта жүргізуді қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британия парламенті Брексит бойынша келіссөздерді қайта жүргізуді қолдайды

30.01.2019

Сейсенбіде депутаттар корольдіктің Еуроодақтан шығуына қатысты туындаған мәселелердің шешімін таба алмады. Олар Тереза Мэйге Брюссельге барып, қайта келіссөз жүргізуді тапсырды. Дегенмен, Еуропалық Одақ Брексит туралы бұған дейін жасалған келісім жобасы қайта қаралмайтынын мәлімдеп отыр.

Британиялық саясаткерлер осы құжаттағы «бэкстоп» режимін немесе «кепіл нұсқаны» қолдамаған. Өйткені Брексит жүзеге асқаннан кейін де Солтүстік Ирландия Еуропалық Одақтың кедендік одағы құрамында қалады. Тереза Мэйдің өзі жаңа келіссөздердің оңайға соқпайтынын мәлімдеп отыр. Ал, Ұлыбританияның одақтан шығуына небәрі екі ай уақыт қалды. Оған дейін келісім жасалмаса, Корольдік ажырасу процесін ұзартуды сұрауы мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу