Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың жаңа санкцияларына жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың жаңа санкцияларына жауап берді

29.01.2019

Венесуэла президенті Николас Мадуро халқына телевизиялық үндеу жолдап, АҚШ-тың жаңа санкцияларына жауап берді. Оның мәлімдеуінше, Вашингтон «Ситго Петролиум» деген компанияны ұрлағысы келеді. Бұл компания - осы елдің мемлекеттік мұнай фирмасының америкалық еншілес кәсіпорны. Сондай-ақ, Мадуро Құрама Штаттардың эмбаргосын заңсыз, қылмыстық және моральға жат әрекет деп атап, Трамп әкімшілігін сотқа беретінін ескертті.

Дүйсенбі күні АҚШ Қаржы министрлігі Венесуэлаға қарсы санкция жариялап, америкалық компанияларға оның мұнайын сатып алуға тыйым салды. Бұған қоса, Венесуэланың PDVSA мемлекеттік фирмасының Америкадағы активтері жабылды. Осылайша, Ақ үй Мадуроны биліктен кетіріп, оның орнына оппозиция лидері және өзін өткен аптада уақытша президент деп жариялаған Хуан Хуайдоны Венесуэла басшылығына әкелуге талпыныс жасап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу