Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гуайдо жақтастарын наразылық акциясын тоқтатпауға үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гуайдо жақтастарын наразылық акциясын тоқтатпауға үндеді

29.01.2019

Венесуэла оппозициясының өзін-өзі президент міндетін атқарушы деп жариялаған лидері Хуан Гуайдо жақтастарын наразылық акциясын тоқтатпауға үндеді. Оның сөзінше, шерулерді жалғастыру Еуропа елдерінің Мадуроға қойған ультиматумын қолдауға және армияны манифестанттар жағына тарту үшін қажет. «Твиттер» желісіндегі бейнежолдауда Гуайдо «неге демонстрацияны күн сайын өткізбеске? Онсыз да Венесуэлада біз өмір сүру үшін күн сайын күресуге үйрендік қой» деп мәлімдеді. Ал, екінші мерзімге сайланған президент Николас Мадуро жексенбіде өткен әскери шеруде «бұл әлемде ешкім қорқақтарды құрметтемейді, сол себепті, халық әскери күшке арқа сүйеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспізә, деп мәлімдеді. Соңғы аптада шерулер кезінде Венесуэлада 35 адам қаза тауып, 850-і қамалған. Бұл мәліметті елдегі екі үкіметтік емес ұйым жариялады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу