Елизавета ІІ депутаттарды «Брексит» мәселесінде ортақ мәмілеге келуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елизавета ІІ депутаттарды «Брексит» мәселесінде ортақ мәмілеге келуге шақырды

25.01.2019

Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екінші депутаттарды «Брексит» проблемасы бойынша ортақ мәміле іздеуге шақырды. Жергілікті газеттердің кейбірі 92 жастағы патшайымның бұл сөзін «жауласуды доғарыңдар» деген ескерту ретінде қабылдап отыр.

Біріккен Корольдік Еуропа одағынан наурыздың 29-да шығуы керек. Алайда, екі жақтың болашақ қатынастары туралы келісім әлі мақұлданған жоқ. Қауымдар палатасы одақпен ажырасу туралы құжатты алдағы сейсенбі күні тағы дауысқа салуды жоспарлап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу