АҚШ Конгресі бюджеттік дағдарысты тоқтатып, федералдық үкіметті қайта ашуға келісе алмады. Бұл мәселелер бойынша екі заң жобасы талқыланды. Олардың біріне сәйкес, Мексикамен арадағы шекарада қабырға тұрғызуға 5,7 миллиард доллар бөлінуі керек. Екінші құжатта мұндай шығын қарастырылмаған. Дегенмен, екі жоба да Сенаттан жеткілікті дәрежеде қолдау таппағандықтан, дауысқа салынбады.
Айта кетсек, осы дауға байланысты Құрама Штаттар үкіметі желтоқсанның 22-нен бері жартылай жабық тұр. Соның салдарынан, 800 мыңдай мемлекеттік қызметкер ақысыз демалысқа кетті немесе жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.