Оған қатысты үкім әлі оқылып жатыр. Тергеушілердің пікірінше, Янукович Мәскеуге Қырымды аннексиялауға және Донбасста соғыс бастауға көмектескен.
Ресейде тұрып жатқан экс-президент сотқа қатысқан жоқ. Ол өзіне тағылған кінәні жоққа шығарып, Украинаға әскер кіргізу туралы Кремльге хат жолдамағанын мәлімдеді.
Янукович қандай жазаға кесілетіні белгісіз. Алайда, прокурорлар оны 15 жылға соттауды сұрап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.