Испания астанасы Мадридте такси жүргізушілердің шеруі жалғасып жатыр. Олар автомагистральдарды бөгеп, «Убер», «Кабифай» тәрізді интернет-такси қызметіне наразылық білдірді. Бұл акция Мадридте жыл сайын өтетін туризм конференциясы кезінде ұйымдастырылып, делегаттардың жолын айтарлықтай бөгеген.
Ереуілшілер биліктен онлайн-такси қызметін қатаң бақылауға алуды талап етіп отыр. Олардың ойынша, «Убер» сияқты компаниялардың машиналары жолаушыларды көшеден заңсыз әкетпеуге тиіс.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.