Афиныда жексенбі күні мыңдаған адам парламенттің Македония атауын өзгерту туралы құжатты ратификациялау жоспарына қарсы шықты. «Бізде бір ғана Македония бар, ол – тек Грекияға тиесілі», - дейді наразылық білдірушілер. Айта кетсек, бұрынғы югославиялық мемлекет Македония қазір өз атауын Солтүстік Македонияға өзгертіп жатыр. Алайда, гректер бұл есімді көрші елдің қолдануына мүлде қарсы.
Маска киген демонстранттар полицияға отты шөлмек лақтырды. Қақтығыс нәтижесінде, кемінде бір адам тұтқындалған.
Грекия тұрғындарының кейбірі Ұлы Александр билеген көне Македонияны өз елінің ажырамас бір бөлігі деп есептейді.
Алуа ТӘЖІҒАЛИЕВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.