Мәскеуде сан мың адам шеруге шығып, Куриль аралдарын Жапонияға қайтаруға қарсылық білдірді. Бұл территорияларды Кеңес одағы Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы күндері басып алғаны белгілі.
Айта кетсек, ертең Мәскеуге Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ барып, президент Владимир Путинмен кездеседі. Дегенмен, Кремльдің мәлімдеуінше, алдағы келіссөздерде Курильге Ресейдің иелігі туралы мәселе талқыланбайды.
«Куриль – Ресейдің жері, оны Жапонияға беру – сатқындық», - дейді демонстранттар. Алайда, Токио даулы аралдарды Солтүстік территориялар деп атап, оларды күндердің күнінде өзіне қайтарудан үмітті.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.