Жапон теңізі акваториясының үстінде Ресейдің екі әскери ұшағы соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапон теңізі акваториясының үстінде Ресейдің екі әскери ұшағы соқтығысты

18.01.2019

Соңғы мәліметке қарағанда, жойғыш-бомбалаушы СУ-34-тен пилоттар секіріп кеткен. Олар кейін судан табылып, тікұшақпен құрлыққа жеткізілді. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшқыштардың бірінің денсаулығы қанағаттанарлық дәрежеде. Оқиға жағалаудан 35 шақырым жерде болған. Екінші ұшақтың экипажы секірді ме, әлде олар істен шыққан мотормен жерге қонды ма? Бұл сауалға әзірге жауап жоқ.

Ұшақтар Амурдағы Комсомольскте орналасқан базадан жоспарлы жаттығу өткізу үшін әуеге көтеріліпті. Қиын метеорологиялық жағдайда ұйымдастырылған іздеу операциясына үш тікұшақ, бір ұшақ және кеме тартылған.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу