Луисвиллдегі халықаралық әуежайға Мұхаммед Әлидің есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Луисвиллдегі халықаралық әуежайға Мұхаммед Әлидің есімі берілді

18.01.2019

АҚШ-тың Кентукки штаты Луисвилл қаласындағы халықаралық әуежайға Мұхаммед Әлидің есімі берілді. Авиациялық порт басшылығы бұл өзгеріске бірауыздан дауыс берген.

Айта кету керек, аты аңызға айналған бокшы Луисвиллде өмірінің соңына дейін тұрды. «Рейтердің» хабарлауынша, әуежайдың атын өзгерту процесі заңдық тұрғыдан бірнеше айға созылуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу