Испанияның оңтүстігінде екі жасар ұл бала терең құдыққа құлап кеткен. Ол үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Құтқару операциясының қиындауына құбыр диаметрінің небәрі 25 сантиметр болуы себепші.
Тотален қаласына сәбидің ата-анасы туыстарына қонаққа барған. Алайда, ересектер әңгімелесіп отырғанда, бүлдіршін өзге баламен ойнап жүріп, тереңдігі 100 метр құдыққа түсіп кеткен. Инженерлер, геологтар, тіпті әскерилер оның 80 метрін тексеріп, енді құдықтың жанынан туннель қазу мәселесін қарастырып жатыр. Мамандардың айтуынша, егер бала жер астындағы ауа клапанына түссе, тірі қалуы да мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.