Сергей Лавров Қазақстанның латын қарпіне көшуіне қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сергей Лавров Қазақстанның латын қарпіне көшуіне қатысты пікір білдірді

16.01.2019

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі Қазақстанның өз шаруасы және бұдан орыс тілінің құқығы шектелмейді. Бұл туралы бүгін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. Мәскеу қаласында шетелдік және ресейлік журналистер үшін баспасөз мәслихатын өткізген Ресейдің бас дипломаты өткен жылды қорытындылап, сыртқы саяси ведомствоның басым бағыттары туралы әңгімелеп берді. Сирия мен Украинадағы жағдай жөнінде, Ресейдің Батыс елдерімен арадағы күрделі қарым-қатынасы туралы және өзге де халықаралық мәселелерге қатысты пікір білдірген Сергей Лавров еліміздің латын графикасына көшуі туралы Ресейдің ресми ұстанымын былайша жеткізді.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

- Біз Қазақстанмен өте жақсы қарым-қатынастамыз. Көптеген жиындарда екі елдің Президенттері жиі кездесіп, келіссөздер жүргізіп тұрады. Еуразиялық Экономикалық Одақты одан ары дамытудағы ұстанымдарымыз да ортақ. Қазақстанда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы шешім қабылданғаны белгілі. Бұл Қазақстанның шешімі. Біз одан орыс тілінің немесе орыстілді тұрғындардың құқығының шектелетінін көріп тұрған жоқпыз.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу