Біріккен Еуропаның ортақ валютасы евроға - 20 жыл. Мерейтой Страсбургтағы Еуропарламент отырысы аясында аталып өтті. Шараға Еуропарламент, Еуропалық комиссия төрағаларымен қатар, Еуропа орталық банкінің қазіргі және бұрынғы басшылары қатысты. 1999 жылы қарт құрлықтың 11 мемлекеті ортақ валютаны айналымға енгізген болатын. Көп ұзамай тағы 8 ел ақшаларын еуроға айырбастады. Доллардан кейінгі әлемдегі екінші ірі валютаны бүгінде Еуроаймақтың 340 млн адамы тұтынады. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, былтыр Еуроаймақ экономикасы Қытайды шаң қаптырып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасқан.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.