Британия парламентінің қауымдар палатасы елді Еуропа Одағынан шығару туралы келісім жобасына қарсы дауыс берді. Осылайша, премьер-министр Тереза Мэй үлкен жеңіліске ұшырап, корольдікте саяси дағдарыс күшейді. Мэй ұсынған жобаны депутаттардың 432-сі қолдаса, 202-сі құптамаған. Осы қорытындыдан кейін оппозиция лидері Джереми Корбин үкіметке сенімсіздік жариялау мәселесін көтерді.
Халық қалаулылары одақ құрамындағы Ирландия мен Британия қарамағындағы Солтүстік Ирландия арасындағы шекара дауы шешілмегендіктен, бұл келісімге қарсы дауыс беріп отыр.
Осы нәтижеден кейін Мэй кабинеті отставкаға жіберіліп, сайлау қайта өтіп, «брексит» кейінге қалдырылып, ол туралы жаңа референдум өтуі мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.