Индонезияда күзде құлаған жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда күзде құлаған жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» табылды

14.01.2019

Оның көмегімен апат алдында әуе машинасында қандай жағдай болғанын анықтауға үміт бар. Дегенмен, жергілікті үкіметтің ескертуінше, жәшіктегі жазбаларды көшіріп, оларды сараптап, қорытынды шығаруға үш айдай уақыт кетуі мүмкін.

Айта кетсек, жолы болмаған лайнер «Lion Air» компаниясына тиесілі. Ол былтыр қазанның 29-да ел астанасы Джакартаның маңында теңізге құлап, 189 адам жан тәсілім етті. Бұл – 2018 жылы болған ең үлкен авиациялық апат.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу