АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия экономикасын теңселтетінін ескертті. Ол мұндай қадамға түрік әскері Сириядағы күрд отрядтарын Америка контингенті шыққаннан кейін шабуылдаған жағдайда бармақ. Сонымен қатар, Ақ үй басшысы күрдтерді арандатушылықтан алшақ болуға шақырды. Айта кетсек, күрд жасақтары Араб Республикасында Пентагон жауынгерлерімен бірлесіп, «ДАИШ» тобымен соғысқаны белгілі. Алайда, Анкара сириялық күрдтерді Түркияда террористік ұйым саналатын Күрдістан жұмысшы партиясының жалғасы деп есептейді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.