Қытайдың «Чанье-4» зонды Айдың көлеңкелі жағы мен қонушы аппараттың және ровердің суретін Жерге жіберді. Бейжің бұл ракетаны ғарышқа желтоқсан айында ұшырып, қаңтардың 3-де оның Ай шетіне сәтті қонғанын жариялады.
Айта кетсек, осы салада Қытай 2030 жылға дейін Ресей мен АҚШ-ты басып озып, әлемнің негізгі космостық державасына айналуды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, Бейжің келесі жылы өзінің ғарыш станциясын салуға кіріспек.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.