АҚШ президенті Дональд Трамп Демократиялық партия мүшелерімен өткен келіссөздерді үзіп, отырыстан кетіп қалды. Өйткені, тараптар Мексикамен арадағы шекараға қабырға тұрғызуға келісе алмаған. Сонымен қатар, екі жақ федералдық үкіметтің жұмысын қайта жандандыруға да уағдаласа алмады.
Трамп қабырға құрылысына 5,7 миллиард доллар сұрап отыр. Алайда, демократтар бұл бастамаға қарсы. Соның кесірінен бюджет бекітілмей, Құрама Штаттар үкіметі желтоқсанның 22-нен бері жартылай жабық тұр. Трамп болса, шекараны мықтауға қаражат бөлінбесе, бюджетке қол қоймайтынын ескертіп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.