Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін Мальта 49 мигрант мінген кемені қабылдауға келісті. Мұны ел премьер-министрі Джозеф Мускат мәлімдеді.
Босқындар Мальта жағалауына өткен айда адам құқығын қорғау ұйымдарының көмегімен жеткізілді. Жалпы алғанда, бұл мемлекетке 300-дей мигрант барған. Олар Валетта мен Еуропа Одағы арасындағы келісім бойынша аймақтың 8 еліне таратылуы керек.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.