Қазір отын құятын станциялардың жанында ұзынсонар кезек. Өйткені, талай құбыр мен мұнай өңдейтін зауыт тексеруге жабылған. Соңғы мәліметке қарағанда, елдің алты штатында осындай жағдай қалыптасып отыр.
Президент Лопес Обрадордың мәлімдеуінше, Мексикада соңғы күндері бензин ұрлау оқиғалары күрт азайды. Оның дерегінше, тонаушылармен күреске мыңдаған жауынгер жіберілгеннен бері тәулігіне 177 машина ғана жанармай жоғалатын болды. Ал, бұрын қылмыстық топтар күніне 800-дей танкер отын ұрлап отырған.
Ел экономикасын миллиардтаған доллар шығынға батырған бұл қылмысты тоқтату үшін «Пемекс» мемлекеттік мұнай компаниясының станциялары мен қоймаларын қорғауға сан мың сарбаз жіберілді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.