Алдағы жылы елімізде Азия мен Еуропаға қатынайтын транзиттік дәліз салынып, көлік-логистикалық инфрақұрылым дами түспек. Сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақтастық нығаяды.
«Нұрлы жолдың» негізгі мақсаттарының бірі - осындай ауқымды инфрақұрылым жобаларын іске асыру.
Келер жылы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірлескен көлік-логистикалық компания жұмыс істейтін болады. Ол кәсіпорын теміржолмен, автожолмен жүк тасымалдау саласын оңтайландыруды көздейді.
Бұл туралы «Еуразиялық транспорттық интеграция» атты халықаралық конференцияда айтылды.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ