Мұнай күрт арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай күрт арзандады

25.12.2018

Мұнай бағасы бір тәулікте бірден 6 пайызға арзандап, оның Brent маркасы баррелінің құны 50 долларға дейін түсті. Бұған «әлем экономиканың өсімі баяулап, одан шикізат пен тауар активтеріне деген сұраныс төмендеуі мүмкін» деген болжам ықпал еткен. Мұнай нарығынан жеткен хабардан кейін дүниежүзінің қор нарықтарында кері динамика байқалып отыр. Инвесторлардың көбінде сенімді активтерге сұраныс арта бастаған. Ал, энергетикалық шикізат бұлардың қатарына кірмейді. Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасы алдағы уақытта да арзандай беруі мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу