Елде 2019 жылы сәуірде мерзімінен бұрын жалпыхалықтық сайлау өтеді.
Бұған дейін Кнессет депутаттары әсіре діншіл еврейлерді міндетті әскери қызметтен босату туралы заң үшін дауласқан-ды. Бақылаушылардың айтуынша, дәл осы келіспеушілік парламентті таратуға түрткі болып отыр.
Кнессетте 120 мандат бар. Соның 61-і – «Ликуд» партиясына тиесілі. Ал, сол партияның лидері Биньямин Нетаньяху үкіметті 2009 жылдан бері басқарып келеді. «Рейтердің» хабарлауынша, коррупция үшін қанша айыпталса да, премьер-министрдің израильдіктер арасындағы беделі әлі де жоғары.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.