Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Дональд Трампты 2019 жылы еліне шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Дональд Трампты 2019 жылы еліне шақырды

25.12.2018

Мұны дүйсенбі күні Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. «Әзірге ештеңе анық жоспарланып отырған жоқ. Бірақ, президент болашақта потенциалдық кездесуге дайын», - дейді Трамптың өкілі Хоган Гидли.

НАТО-ның одақтастары – Құрама Штаттар мен Түркия арасында бірнеше түйіткілді мәселе бар. Олар – АҚШ әскерін Сириядан әкету, Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығында журналист Джамал Хашоггидің өлтірілуі және мемлекеттік төңкеріс үшін айыпталған Фетхуллах Гүленді АҚШ-тан Түркияға қайтару проблемалары.

Өткен аптада Ердоған Трамптың Сириядағы контингентті шығару шешіміне қошемет білдірді. Бұл жағдай екіжақты қатынастарды түбегейлі өзгертіп, шиеленістің себебін жояды деген болжам бар.

Айта кетсек, АҚШ әскері Сирияда «ДАИШ»-пен соғысқан күрд отрядтарын қолдағаны белгілі. Алайда, Түркия сол жасақтарды террористер деп есептейді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу