Ресейде шахтадағы өрттен 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде шахтадағы өрттен 9 адам қаза тапты

24.12.2018

Ресейдің «Уралкалий» компаниясының шахтасында өрт болып, 9 адам қаза тапты. Олардың мәйіттері жексенбі күні 360 метр тереңдіктен табылған. Қайғылы жағдай елдің солтүстік-шығысындағы Соликамск деген қалада болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрылысшылар түтіннен тұншығып қайтыс болған.

Ресей тергеу комитеті қауіпсіздік ережелері бұзылды деген себеппен оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу