Ресейдің «Уралкалий» компаниясының шахтасында өрт болып, 9 адам қаза тапты. Олардың мәйіттері жексенбі күні 360 метр тереңдіктен табылған. Қайғылы жағдай елдің солтүстік-шығысындағы Соликамск деген қалада болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрылысшылар түтіннен тұншығып қайтыс болған.
Ресей тергеу комитеті қауіпсіздік ережелері бұзылды деген себеппен оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.