Мексикада бас аспаздар мигранттарға арнап, дастархан жайды. Тихуана қаласында Құрама Штаттарға кетуді күтіп жүрген босқындар үшін дәстүрлі «паэлья» тағамы дайындалды. Бас аспазшы Армандо Родиэль бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа қоныс аударыпты. Содан бері ол осындай шара өткізіп, оны «шекарасыз Паэлья» деп атап кеткен. Бұл тағам - еркіндік, бірлік, бауырластық пен бақыттың символы есептеледі. Оның құрамында күріш, көкөніс, теңіз өнімдері мен ет бар.
Айта кетейік, АҚШ-қа өтпек болған мыңдаған мигрант Тихуанада екі айдан астам уақыт жүр. Олар иммиграциялық қызметтен құжаттарын күтіп отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.