Мәскеуде Аяз ата киімін киген 2 мыңдай ерікті қайырымдылық жүгіру жарысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Аяз ата киімін киген 2 мыңдай ерікті қайырымдылық жүгіру жарысына қатысты

24.12.2018

Мәскеуде жексенбі күні ерекше шара өтті. Аяз ата киімін киген 2 мыңдай ерікті қайырымдылық жүгіру жарысына қатысты. Олар 5 және 10 шақырым қашықтыққа жүгірген. Жарыс ВДНХ көрме орталығы ауласындағы саябақта болды. Сонымен бірге, аяз аталардың әрқайсысы 1500 рубльден «Үміт» атты қайырымдылық қорына тапсырған. Бұл қаражат Ресейдегі хосписьтерге бөлінеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу