Чехияның шығысындағы көмір шахтасында болған жарылыстан 5 адам қаза тауып, 10-ы жараланған. Тағы 8 кенші із-түссіз жоғалып кетті. Шахта операторының сөзінше, кеніште метан жарылған. Құтқару жұмыстарына шахтадағы қирау салдарынан көтерілген шаң-тозаң кедергі келтіруде. Бұған қарамастан жоғалып кеткен адамдарды іздеу операциясы жалғасып жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.