Оңтүстік Кореяда такси жүргізушілері шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда такси жүргізушілері шеруге шықты

20.12.2018

Оңтүстік Кореяда ондаған мың такси жүргізушісі шеруге шықты. Олар смартфон қосымшасымен шақырылатын тасымалдаушылар қызметіне наразылық білдіріп жатыр. Демонстранттардың айтуынша, мұндай компаниялар оларды жұмыстан айырады. Ал, осыдан бірнеше күн бұрын интернет-таксиге наразылық ретінде бір жүргізуші өзін-өзі өртеп жіберген. Парламент алдына жиналған манифестанттар сол әріптесін еске алып, бастарына қара түсті лента таққан.

Оңтүстік Корея - смартфон қолданудан әлемде көш басында тұрған елдердің бірі. Алайда, жергілікті кәсіподақтардың мықтылығы мен заңдардың қатаңдығына байланысты бұл мемлекетке АҚШ-тың «Убер» тәрізді онлайн-такси қызметі әлі енгізілген жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу