Тунисте мұғалімдер жалақы көтеруді талап етіп шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тунисте мұғалімдер жалақы көтеруді талап етіп шеруге шықты

20.12.2018

Тунисте жоғары оқу орындарының ұстаздары шеруге шықты. Олар еңбек ету жағдайларын жақсартуды, жалақыны өсіруді талап етіп жатыр. Елдің түрлі провинцияларынан жиналған мұғалімдер Тунистегі білім министрлігі ғимараты алдына барып, «әділдікті талап етеміз» деп ұрандатқан. Сонымен бірге, олар Білім министрінің отставкаға кетуін талап етті.

Айта кетсек, Тунис 2011 жылғы «Араб көктемі» толқуынан кейін дағдарыстан көз ашпай отыр. Халықаралық донорлар болса, ел үкіметінен шығындарды қысқартуды талап етті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу