АҚШ-тың Сиэтл қаласы маңында сұрапыл құйын бірнеше баспананың шатырын ұшырып әкетті. Бұған қоса, дүлей дауыл 20-дан астам тұрғын үй кешенінде табиғи газдың тарауына себеп болған. Торнадо әкелген өзге де шығындар туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр.
Қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Құтқару мекемелерінің ақпаратына сай, табиғи апаттан абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.